35673
Назарбаев Университетінің инновациялық кластері
Astana Business Campus
Өзіңіздің SMART БИЗНЕСІҢІЗ үшін әлі орын іздеп жүрсіз бе?
Astana Business Campus – бұл жоғары технологиялы бизнесті дамытуға арналған мінсіз орын

Келіңіз! Бірге өсеміз!
Стартаптарды қолдау
Жоғары технологиялы бизнес пен зерттеушілерге
Индустриямен өзара әрекеттесу
Креативті кластерге
СІЗ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІСІЗ БЕ?

Инженерлер, мэйкерлер және дизайнерлер үшін бір жерде көрсетілетін ерекше қызмет түрлері.

Қосылыңыз! Бірге жасаймыз!

Біздің іс-шаралар
Іс-шара – біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Біздің портфолиомызда – ірі және ауқымды іс-шаралармен қатар, семинарлар, мастер-кластар, конференциялар және ABC Education білім беру платформасының воркшоптары.
Astana Business Campus-тың 8 ең үздік стартап жобалары
ABC Incubation және ABC Quick Start түлектері қатарынан
EGIStic
EGIStic – егіншілік шаруашылығында тиімді басқарушылық шешім қабылдауға арналған онлайн қызмет. EGIStic платформасының көмегімен фермерлер вегетацияның қанықтығы, топырақтың ылғалдылығы мен өсімдіктің жайы туралы ақпарат алу үшін космостық түсірілімдер арқылы егіс алаңдарына жедел мониторинг жүргізе алады.
AE LAB
AE LAB – трансформаторларға интеллектуалды қызмет көрсету жүйесі. Жоба EXPO 2017 көрмесінде таныстырылып, шетелдік энергетикалық компаниялардың қызығушылығын тудырды. Жоба өнімді әзірлеу және коммерцияландыру мақсатында Назарбаев Университеті арқылы қаржыландырылды.
Kunde
Kunde – Назарбаев Университетінде орналасқан әлеуметтік кафе. Мәулен Ахметов бір жағынан тұрақты мейрамханалық бизнес, оған қоса ұзақ мерзімді болашақтағы проблемаларды шешетін әлеуметтік жоба болып табылатын Social Entrepreneurship venture құру идеясын тапты. Қазіргі таңда
Kunde тренинг-кафесіне мүгедектігі бар 20-ға
жуық тұлға жұмысқа орналастырылды.
Observer
Observer – адамдарды айырып тану бойынша бейне-талдаушы. Бұл кешенді шешім. Машиналық оқыту және компьютерлік қараудың арқасында камералар адамдарды бірден 99% дәлдікпен айырып танитын болады! Шешім Астананың ірі құрылыс объектісі мен сауда орталықтарында сынақтамадан өту барысында.
ТОП
ТОП – алаңдарды нүктелі өңдеу. ТОП – ауыл шаруашылығы жер телімдеріне гербицидтер бүркудің ақылды жүйесі, ол машиналық көру және кәдімгі камера технологиясының көмегімен шығындарды азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіншілік береді.
НӘР
НӘР – денсаулық сусыны – қымыз, шұбат және айранның пайдалы қасиеттері бір биоөнімде. National Laboratory Astana ғалымдары ішек микрофлорасына және жалпы иммунитетке пайдалы әсерін тигізетін пробиотикалық микроағзалардың ерекше консорциумын әзірледі.
Electric drive
Electric drive – мүгедектер арбасына арналған Li-ion аккумуляторы
Жобаның сипаттамасын қосу.
Astana Business Campus цифрларда
01.07.2018 жылғы деректерден
39 стартап
бизнес-акселерация мен бизнес инкубация бағдарламаларынан өтті
17 іс-шара
2018 жылдың басынан бері өткізілді
70 өтінім
2013-2017 жылдар аралығында Коммерциялау кеңсесімен өңделді
9 зерттеу
Индустрияның сұранысы бойынша НУ-нің ғалымдары және профессорлық-оқытушылық құрамы бірлесіп жүзеге асырды