NURIS

КОММУНИКАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
NURIS CLUSTER инновациялық кластері

БАҚ-мен өзара іс-әрекеті ★ Ивент-менеджмент ★ Нетворкинг
Құрметті журналистер мен редакторлар!

Коммуникациялар бөлімі – бұл NURIS инновациялық кластерінің қызметтері туралы ақпараттардың ресми көзі. Аталған тақырыпқа қатысты үлкен қызығушылықтың бар екендігін түсінгендіктен, біз көпшілікке инновациялық және ғылыми зерттеулердің барысы, ғалымдардың коммерцияландырылған зерттемелері мен жоспарланған оқиғалар туралы хабарлауға әрқашан дайынбыз.

Біз БАҚ-мен ынтымақтасу үшін ашықпыз – сұрау салу бойынша зертханаларда түсіру процестерін ұйымдастырамыз, сұхбат беретін мамандарды ұсынамыз және қажетті анықтама материалдарын дайындаймыз.

Бізде үлкен көлемде қызықты және актуалды ақпарат бар.
БАҚ-мен жұмыс істеу тәртібі
Фото-және бейне түсірілімдер немесе сұхбат ұйымдастыру үшін БАҚ-ның өкілдері nuris_cluster@nu.edu.kz электронды поштасы арқылы "NURIS" ЖМ-нің бас директоры Жакупов Айдар Бексултановичтың атына ұйымның ресми бланкісінде өтінім жолдауы қажет.
  • 1
    Сұрау салуда мыналар көрсетілуі тиіс:
    • түсірілім өткізу мақсаты;
    • сценарий жоспары;
    • түсірілім өткізуге арналған аймақтар мен объектілер;
    • қажетті күн, түсірілім уақыты және оның ұзақтығы;
    • төлқұжаттық деректері бар түсірілім тобының құрамы;
    • жабдықтар туралы ақпарат;
    • байланыс ақпараттары.
  • 2
    Өтінімді қарау кезеңі 3 жұмыс күніне дейін құрайды. Кіруге шектеу салынған зертханаларда түсірілім өткізу қажет болған жағдайда бір-бірімен байланысты департаменттермен келісу қажет болады, онда өтінімді қарау 7 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Аталған процеске түсіністікпен қарауды сұраймыз.
  • 3
    Қосымша ақпараттарды +7 (7172) 70-66-64 телефондары бойынша алуға болады.
Біз