«Жасыл экономика» тұжырымдамасы әлемде аса зор маңызға ие болуда. Келешекте энергия тиімділігі бизнес үшін табысқа жетудің ең маңызды факторы болатын болады.
Жаңғыртылатын энергия көздерінің полигоны инновациялық компанияларға жаңғыртылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және оларды дәстүрлі электр желісімен біріктіру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл жерде зерттеу жұмыстарының объектілері болып жел мен күн энергиясының көздері табылады.