NURIS
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағын қолдау кеңсесі
Назарбаев Университетінің инновациялық кластері – бұл жоғары технологиялық бизнестің дамуы үшін мінсіз орын
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2017 жылы 2042 жылға дейін құрылды. АЭА аумағы 631,92 га құрайды және үш аумақтан тұрады, оның 151, 32 га құрайтын аумағы НУ территориясында орналасқан.
«Астана-Технополис» АЭА міндеттері:

1) Инвестицияларды тарту және бар, жұмылдырылған озық технологияларды, ноу-хауды пайдалану, заманауи инфрақұрылымды құру арқылы Астана қаласының инновациялық дамуы;

2) өңдеу өнеркәсібі саласында аса тиімді, оның ішінде жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;

3) жаңа технологиялардың, зерттеулер жүргізудің ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын алдағы уақытта жетілдірудің, жаңа технологияларды әзірлеудің, оларды коммерцияландыруға көмектесудің жеделдетіп дамуы.

АЭА картасы
Арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқан компаниялар үшін қарастырылған салықтық және кедендік жеңілдіктер:
  • корпоративтік табыс салығы - 0%
  • мүлік салығы – 0%
  • кеден бажы – 0%
  • жер салығы – 0%
  • жер үшін алынатын жалдау ақысы – 0 тенге
  • ҚҚС – 0%
АЭА қолдау кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары:
  • АЭА маркетингтік стратегиясы мен даму жоспарын әзірлеуге қатысу;
  • АЭА дамуы және алға ілгерілеуі бойынша іс-шараларды өткізу;
  • АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін жобаларды іздестіру және іріктеу;
  • Әлеуетті қатысушыларға өтінім беруге көмектесу;
  • АЭА тиімді жұмыс істеуі мен АЭА қатысушыларына көмектесу мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдармен, басқару компанияларымен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесу;
  • АЭА-дағы жобаларды іске асырудың мониторингісі
ӨТІНІШ БЕРУШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Мәлімделген қызмет түрінің АЭА басым қызмет түрлеріне сәйкес келуі
2. Жобаларды іріктеудің негізгі критерийлеріне сәйкес келуі:

  • банк кредиттері бойынша мерзімі өткен қарыздың болмауы;
  • салық бойынша және басқа да бюджетке төленетін төлемдер бойынша қарыздың болмауы.

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРГЕ ЖАТПАЙДЫ:


ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР/ АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІ/ ОЙЫН БИЗНЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ

ҰЙЫМДАР:
  • арнайы салық тәртіптемесін қолданатын;
  • инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған);
  • инвестициялық стратегиялық жоба мен инвестициялық басым жобаны іске асырушы (іске асырған)

АЭА-ға қатысу өтінімінің кезеңдері
Өтінім беру мерзімінен барлығы 17 күн
Өтініміді тіркеу >
Құжаттардың тізімге сәйкес келуін тексеру >
Қызмет түрінің сәйкес келуін тексеру>

10 күн ішінде өтініш беруші мен АЭА арасында қызмет етуді жүзеге асыру туралы келісімшарт жасалады. Келісімшарт жасалатын күні ол туралы уәкілетті орган келісімшарт көшірмесінің қосымшасымен хабардар етеді. Не болмаса ұсынылған құжаттардың не (немесе) жобаларды іріктеу критерийлерінің өтінім берілген қызмет түріне сәйкес келмеген жағдайларда өтінім берушіге келісімшарт жасаудан бас тартады.
Уәкілетті орган (ҚР ИДМ) 5 күн ішінде АЭА қатысушысы туралы мәліметтердің АЭА қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және ол туралы «Астана-Технополиске» хабарлайды.
«Астана-Технополис» келісімшарт жасалғаннан кейін 2 күн ішінде бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер органдары хабарлама алғаннан кейін белгіленген заңнама тәртібі бойынша АЭА қатысушысының есебін жүргізеді.

Жасалған келісімшарт негізінде АЭА қатысушысы АЭА-дан тыс өзінің жекелеген құрылымдық бөлімшелер қызметін тоқтатады.
"Астана-Технополис" АЭА бойынша
сұрақтарыңыз қалды ма?
Қоңырау шалыңыз, кеңес береміз!



  • Абдрасилов Бауыржан
    Бас менеджер
    «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағын қолдау кеңсесі
    bauyrzhan.abdrassilov@nu.edu.kz
    +7 (7172) 69 27 21