Сен ауыл шаруашылығында жасанды интеллект және computer vision технологияларын, оның ішінде, өзіңе таныс гербицидтерді бүрку технологиясын қолдану идеясына қалай келдің? — Менің әкем астық өсіру жөнінде шешім қабылдады. Нәтижесінде жақсы пайда көру үшін барлық қаржылық ресурстарымыз салынды. Алайда, түсім аз болды және нәтижесі көңілімізден шықпады. Оның себептерінің бірі арамшөптер және гербицидтердің қымбаттығы болды
. Осы кезде менің басыма, егер аталған химикат тек арап шөптермен күреске арналған болса, тұтас егістікке бүркудің не қажеті бар деген ой келді. Осы ойдан идея туындады. Одан кейін біз тобымызбен прототиптің алғашқы нұсқасын әзірледік, біз күш біріктіріп, ойымызда ақиқатқа айналдырамыз деп шешім қабылдадық. Маған бұл идеяның болашағы зор секілді болды. Бізде идеяны прототипке, одан өнімге және ең соңында бизнес кезеңіне дейін жеткізуге мотивация пайда болды.
Мирас, сен Назарбаев Университетінің алғашқы ABC Incubation инкубациялық бағдарламасының түлегісің. Сонымен қатар, ақпан айында сен, яғни 20 жастағы 2 курс студенті командасыз өзің ғана келдің. Барлығымыз сенің өз идеяңды айналадағы адамдармен құлықсыз бөліскеніңді жақсы білеміз. Сен өз идеяңды «ұрлықтан» қорғағың келді ме, әлде тұйықтығыңа не себеп болды?
— Бастапқыда мен прототиптін жылдам жасай алдым, демек кез келген басқа адам идеяны пайдалана алады деген ойда болдым. Кейін мен стартапты жүзеге асырудың қиыншылықтарымен бетпе-бет келдім, мен әр түрлі себептерге байланысты аталған идеяны жетілген кезеңдерге жеткізе алмайтынымды түсіндім. Ал егер қиыншылықтарды жеңіп, идеяны прототипке айналдыра алатын болса, бұл әрине, керемет болар еді. Сол себепті, мен өз ойымды түбегейлі өзгертіп, ашыла түстім.