NURIS
Астана, Қазақстан Республикасы
Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS)

2018 жылғы 23 қазан
Назарбаев Университетінің студенті әзірлеген стартап $110 000 шетелдік инвестиция тартты
Біз Назарбаев Университетінің electrical engineering 3 курс студенті, ABC Quick Start акселерация бағдарламасының және ABC Incubation бизнес инкубация бағдарламасының қатысушысы Мирас Советовтан сұхбат алдық.
Оның дайындаған стартапы Назарбаев Университетінің инкубациялық және акселерациялық бағдарламасынан бастау алатыны және бүгінгі күні аталған стартаптың көптеген нәтижелерге қол жеткізгені біз үшін үлкен мақтаныш.
Мирас бізге жеке қатысушы ретінде осы идеясымен 2018 жылы ақпан айында келіп, бүгінде тамаша команда жинақтаған.
Мирасқа бұл идея қайдан келді? Табысты стартап әзірлеу үшін не қажет? Шетелдік инвесторларды қалай қызықтыруға болады?

Бұл сұрақтардың жауабын сұхбаттан оқи аласыздар.
Сұхбатымызды өзіңді қысқаша таныстырудан бастасақ қайтеді? Сен кімсің және немен айналысасың? Мамандығыңды қалай таңдадың?

— Мен Назарбаев Университетінің 3 курс студентімін, мамандығым инженер-электрик, Егістерді нүктелі өңдеу деп аталатын стартаппен айналысамын – бұл ауыл шаруашылық учаскелеріне гербицидтер бүркудің ақылды жүйесі, ол шығынды төмендетуге және компьютерлік қарау мен машиналы оқыту технологиялары көмегімен түсімді алаңдарды нүктелі өңдеу (бұдан әрі – «ТОП»). Жақында біз ARTISAN Гонконг венчурлық қорынан алғашқы $ 110 000 pre-seed (бастапқы) инвестиция тарттық және екі аптадан кейін біз Brinc хардвер акселераторына оқуға Гонконгке аттанамыз. «ТОП» стартабы ауыл шаруашылығында гербицидтерді қайта пайдалану ауқымды мәселесінің шешімін табады. Гербицидтер – бұл арамшөптермен күресте қолданылатын химикат. Жыл сайын арам шөптер түсімді 50% дейін төмендетеді. Бүгінгі таңда гербицидтерді пайдалану аса тиімсіз, себебі гербицидтер тек арам шөптерді ғана емес, ашық топырақты және өсімдіктерді зақымдайды. Біз жасанды интеллект негізіндегі арамшөп пен дақылдарды айырып, тек қана арамшөптерге гербицид шаша алатын камера әзірлеу қажет деген шешімге келдік.

Бүгінгі таңда мен «ТОП» стартапымен Тель-Авивтегі Google израильдік кеңсесіне өттім, мұнда екі апта бойы біздің өніміміз жетілдірілді. Біз Қазақстанда осындай мүмкіндікті алған алғашқы және ең жас қатысушылар болдық.
Жақында біз ARTISAN Гонконг венчурлық қорынан алғашқы $ 110 000 pre-seed (бастапқы) инвестиция тарттық және екі аптадан кейін біз Brinc хардвер акселераторына оқуға Гонконгке аттанамыз.
Мирас, сенің жетістіктерің баршамызда қуантып отыр, біздің білуімізше, сен ARTISAN венчурлық қорынан инвестиция алған ең алғашқы қазақстандық студенттік стартап болып отырсың, оның ішінде, сен Гонконгта орналасқан Brinc дүние жүзіндегі үздік хардвер акселераттарының бірінен өтесің. Біздің оқырмандарымызға «ТОП» стартапын дайындау идеясы саған қалай келгені жөнінде айтып берші?

— «ТОП» стартапымен мен ақпан айынан бастап айналысып келемін. Ол кезде менде тек ерекше нәрсе жасау туралы ой ғана болды. Мен не істейтінімді және қалай істейтінімді білмедім.

Тағдырдың тоғысымен, менің әкем және атам ауыл шаруашылық саласында жұмыс жасайды: атам шопан болды, әкем жылқы өсіреді. Мен отбасындағы алғашқы инженер болып, осы шеңберді бұзып шыққым келді. Дегенмен, «what goes around comes around» (аудармасы «адамның айтқаны емес, тағдырдың дегені болады») дегендей, мен де әкем мен атам секілді ауыл шаруашылығымен айналыса бастадым.



Сен ауыл шаруашылығында жасанды интеллект және computer vision технологияларын, оның ішінде, өзіңе таныс гербицидтерді бүрку технологиясын қолдану идеясына қалай келдің?

— Менің әкем астық өсіру жөнінде шешім қабылдады. Нәтижесінде жақсы пайда көру үшін барлық қаржылық ресурстарымыз салынды. Алайда, түсім аз болды және нәтижесі көңілімізден шықпады. Оның себептерінің бірі арамшөптер және гербицидтердің қымбаттығы болды. Осы кезде менің басыма, егер аталған химикат тек арап шөптермен күреске арналған болса, тұтас егістікке бүркудің не қажеті бар деген ой келді. Осы ойдан идея туындады. Одан кейін біз тобымызбен прототиптің алғашқы нұсқасын әзірледік, біз күш біріктіріп, ойымызда ақиқатқа айналдырамыз деп шешім қабылдадық. Маған бұл идеяның болашағы зор секілді болды. Бізде идеяны прототипке, одан өнімге және ең соңында бизнес кезеңіне дейін жеткізуге мотивация пайда болды.

Мирас, сен Назарбаев Университетінің алғашқы ABC Incubation инкубациялық бағдарламасының түлегісің. Сонымен қатар, ақпан айында сен, яғни 20 жастағы 2 курс студенті командасыз өзің ғана келдің. Барлығымыз сенің өз идеяңды айналадағы адамдармен құлықсыз бөліскеніңді жақсы білеміз. Сен өз идеяңды «ұрлықтан» қорғағың келді ме, әлде тұйықтығыңа не себеп болды?

— Бастапқыда мен прототиптін жылдам жасай алдым, демек кез келген басқа адам идеяны пайдалана алады деген ойда болдым. Кейін мен стартапты жүзеге асырудың қиыншылықтарымен бетпе-бет келдім, мен әр түрлі себептерге байланысты аталған идеяны жетілген кезеңдерге жеткізе алмайтынымды түсіндім. Ал егер қиыншылықтарды жеңіп, идеяны прототипке айналдыра алатын болса, бұл әрине, керемет болар еді. Сол себепті, мен өз ойымды түбегейлі өзгертіп, ашыла түстім.

Іс жүзінде 9 ай уақыттың ішінде, сен жай ғана идеядан таң қаларлық нәтижеге қол жеткіздің. Ауыл шаруашылығында хардвер стартап дайындау оңай емес, сен қазақстандық стартап үшін мүмкін емес, үлкен өрлеуге жете алдың. Осыған қалай келгенің туралы айтып берші? Сені не ынталандырды және саған ең көп көмектескен не болды?
— Айта кету керек, ең маңыздысы - бұл команда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, мен өзім, команда болмаған жағдайда мұндай жетістікке жете алмас едім. Мен қандай да бір салаларда өзімнен де мықты, алайда құзыреті мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдарды біріктірдім. Осыдан синергия пайда болып, ол тиімді нәтиже берді.

Қазір Назарабаев Университетінің екі студенті Отаниоз және Данияр менімен бірге Гонконгқа барады. Инженерлер хардвер бағытында, профессор интеграция бағытында, студенттер жасанды интеллект үдерістері бағытында жұмыс жасады, ал мен барлық жұмыстарды үйлестіріп, қағаз жұмыстарын реттедім. Маған менің инженерлік білімім көп көмектесті, себебі жұмыс ұстанымын біліп және түсінген жағдайда, мақсатты және оны орындау мерзімін дұрыс қоя аласың.

Командамен байланысты қиын кезеңдер де болды. Шамамен екі ай уақыт бұрын жағдай қиын болды. Қаражаттың болмауына байланысты мен екі инженер-электрик, «NURIS» ЖМ бұрынғы бас инженері, ABC Fab Lab бас инженері, мектеп профессоры және үш студенттен құралған команданы таратуға мәжбүр болдым.



Қазір 2018 ж. қазан айының ортасы. Екі апта уақыттан кейін Гонконгқа өзінің алғашқы pre-seed инвестицияңды алуға барасың. Сенің алдағы мақсатың және стартап бойынша жоспарың қандай?
— Алдағы уақытта прототип, өнім жасауды жоспарлап отырмыз. Келесі қадам, $ 200 мыңнан $ 500 мыңға дейін seed алу және толық өнімді қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп команданы кеңейту болады. Осылайша, біз жаңа кезеңге шығып, мұнда mass production жолға қоюға қабілетті боламыз. Соңғы нәтижесі – бұл біздің компанияның шетелдік өндірушілерге гербицид бүркушіні сатуы болады.
Бұл тамаша жоспар. Сен Қазақстанда алғашқы болып өз Гонконгтан инвестицияңды алған стартаптың негізін қалаушысың, ол жаққа хардвер акселераторға барасың. Прототип дайындау мен оны дамытуды Украинада немесе Қытайда жүзеге асыратының түсінікті. Ал өз стартапыңды қайда дамытасың? Яғни стартапты жергілікті нарық үшін дамытасың ба, әлде ғаламдық нарыққа бағдарланасың ба?
— Әрине, біз тек қазақстандық нарыққа ғана бағдарлануды жоспарлап отырған жоқпыз, біз Ресей және Украина секілді мемлекеттермен жұмысты бастағымыз келеді. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қазақстанда стартап бизнесті дамытуға қолайлы экожүйе қалыптасуда, болашақта біздің жобаны ел аумағында, нақты бір аймақта жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады деп ойлаймын. Мен үшін қазақстандық экожүйені қолдау аса маңызды, себебі ол біздің командамызға біздің стартапты жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Сен Назарбаев Университеті жанындағы екі бағдарламаны: ABC Incubation бизнес-инкубация және ABC Quick Start акселерацияны тегін өттің. Қайсысы саған көбірек көмектесті?
— Бірінші кезекте, маған ABC Incubation инкубация бағдарламасы өте көмектесті, бұл сапалы бизнес білім беру тұрғысынан күшті бағдарлама болып табылады, оның шеңберінде біз маңызды білім мен тәжірибе ала алдық.

ABC Quick Start акселерация бағдарламасының ABC Incubation айырмашылығы, ол сатуға бағытталған, ал біз алғашқы нұсқасын жасау кезеңіндеміз және бизнестің монетизациясына әлі жеткен жоқпыз. Акселерация бағдарламасының нәтижесінде мен аса мықты ментор Роман Барановпен жұмыс жасап, оның көмегімен шетелдік инвестиция тарту бойынша маңызды міндетті жүзеге асыра алғанымды айтып кеткім келеді.


Сенің ойыңша, студент-стартаптың негізін қалаушы болу қаншалықты қиын?
— Мен үнемі уақыт өтіп жатыр, ал мен қандай да бір маңызды нәрсені жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алып жүргендей көретін едім. Осының нәтижесінде, мен өткен семестрде ақпан айында стартаппен айналыса бастадым, оған ден қойғаным соншалықты, менің сабағыма уақытым жетпейтін еді. Нәтижесінде, менің GPA 3,4-тен 2,5 дейін, яғни «3» бағаға дейін төмендеп кетті. Мен master's degree алу туралы ойламайтын болдым, себебі менің бағаларыммен сол уақытта орындалмайтын арман деп ойлайтын едім.

Өте қиын болды, себебі, барлығын құрбан етіп, оның орнына еш нәрсе ала алмайтын секілді болдым. Бір уақытта жүктеме артып, емтихандар басталды: мен оны зор қиыншылықпен тапсырып, барлығын тастап туған жерім Ақтөбеге кетіп қалғым келді, онда барып, тынығып, ұйқымды қандырсам деген ойда болдым. Ақтөбеге келгенімде поштама Brinc хардвер акселератордан келген мені Гонконгқа шақырған бірінші mail және Ұлттық Технологиялық даму агенттігінен (ҰТДА) менің үздік студенттік техникалық жоба үшін 800 000 теңге ұтып алғаным туралы екінші mail алдым, келесі хатта біздің жобаның Назарбаев Университеті жанындағы студенттер конкурсын жеңіп, бас жүлде стартапты шетелдік инвесторлар мен венчурлық қорларға таныстырып, тұсауын кесу үшін БАӘ сапар екенін оқыдым. Барлық жақсы жаңалықтар бір сәтте келді және бұл керемет болды. Ұзақ уақыт бойы қолыңнан еш нәрсе келмейтін сияқты болғанына қарамастан, қиындықтарға қарсы талпынысты жалғастырып, қандай да бір жақсылық болады деген ой болмаған кезде осындай жағдай орын алды.

Сен өзіңді табысты стартап деп атамайсың, бірақ жалпы алғанда сен көп нәтижеге қол жеткіздің. Өз уақытыңды дұрыс бөлудің қаншалықты маңызды екені туралы айтып берші? Сен қазақстандық гранттарға, әр түрлі бағдарламаларға, халықаралық акселераторларға өтініш бердің, жергілікті инвесторларды (бизнес-періштелер) іздедің. Егер сенің артқа кері қайтуға мүмкіндігің болса, сен өз әрекеттерің мен шешімдеріңді өзгертер ме едің?
— Мен нәтиже үшін қызармайтындай өнім жасап шығарғанға дейін стартапты табысты деп айта алмаймын. Бастысы қиыншылықтарға дайын болу керек, себебі адамдар бастапқыда сенбейді, үнемі жауабы табыла бермейтін қиын сұрақтар қояды. Сонымен қатар, жеке өмір, оқу және стартап жүргізу арасындағы балансты табу қиын. Менің тайм-менеджментім нашар болуына байланысты мен осы балансты бірден қалыптастыра алмадым. Нәтижесінде, өз қателіктерімді қорыта келе қажетсіз нәрселерге алаңдамаған дұрыс деген шешімге келдім.

Сіздің шешімдер мен көзқарасты өзгерту туралы сұрағыңызға келетін болсақ, мен өз тәжірибемде еш нәрсені өзгертпеген болар едім, себебі, өз қателіктерімнің арқасында мен тайм-менеджментті қалай дұрыс ұйымдастыру керек екенін түсіндім.

Өз тәжірибең бойынша айтшы, Қазақстанда және шетелде инвестиция алудың арасында айырмашылық бар ма?
— Шетелдіктер өте күмәншіл және 10 стартаптың 9 өзінің халықаралық нарыққа шығу жолындағы сәтсіздіктеріне дайын. Сол себепті олар тәуекел мен жауапкершілікті стартаппен және оның негізін қалаушылармен бөлісуге дайын болады. Барлығы бір қайықта болады.

Қазақстандық инвесторлармен салыстыратын болсақ, айырмашылық біршама, себебі біздің инвесторлар стартаптың сәтсіздігі мүмкіндігін дұрыс қабылдамайды. Сәтсіздік жағдайында инвестор оған аса сезімтал қарап, өз уайымын негізін қалаушыға да береді. Бұл психологиялық тұрғыда аса қиын болады.


Өзің секілді стартаптарға қандай кеңес бересің?

— Бұл жағдайда hard work doesn't always work (қажырлы еңбек үнемі нәтиже бермейді) түсінген дұрыс болады. Себебі, өз ісімен айналысқысы келетін көптеген адамдар, көп жұмыс істеуге дайын. Менің оларға беретін кеңесім:

1.Working smart not working hard (үздіксіз жұмыс істеу емес, ақылмен жұмыс істеу маңызды), демалыссыз жұмыс адамды қажытады.

2. Some things take time (кейбір заттарға уақыт қажет), бұл стартап болғандықтан, нәтиже міндетті түрде, 3-9 айда шықпайды.

3. Do not expect anything, көңіл қалмауы үшін зор үміт күтуге болмайды;

4. It's a journey, кез келген жұмыс – ол саяхат, оны басынан соңына дейін өз ісіне деген қызығушылықпен және рахатпен жүріп өту керек.
Байланыс бөлімі "Nazarbayev University Research and Innovation System" ЖМ
Жанетта Есекенова
т.: +7 7172 70 66 43
e-mail: pr.nuris@nu.edu.kz